Бірлік – берекеге бастайды
Құрметті жерлестер! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймыз.
Бұл күн – шын мәнінде де қазақстандық патриотизмнің, өз Отанымызға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың, бірлік пен ынтымақтың, ырыс пен берекенің мерекесі.
Дана қазақта «Бірлік – берекеге бастайды» деген қанатты сөз бар. Расында, күллі қоғамның дамуы қай кезде де оның біртұтастығына, ішкі татулығына байланысты.
Біздің басты байлығымыз – қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – әр отандасымыздың қастерлі міндеті.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары Қазақстанды жаңа деңгейге шығаруда және елдің әлемдік қоғамдастықтағы құрметі мен беделін одан әрі арттыра түсуде.
Жамбыл жерін мекен еткен ынтымағы жарасқан сексеннен астам этнос өкілдері ортақ Отанымыздың тыныштығы мен тұрақтылығын нығайтуға атсалысуда. Бірлескен күш-жігеріміздің нәтижесінде экономиканың барлық саласында елеулі оң өзгерістерге қол жетуде. Қадірлі жерлестер! Халқымызды татулықпен мейірімділікке жетелеген осынау мерейлі күні баршаңызға қуаныш пен шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Бірлік мерекесі құтты болсын! Нұржан НҰРЖІГІТОВ, облыс әкімі. Махметғали САРЫБЕКОВ, облыстық мәслихаттың хатшысы.Ұқсас жаңалықтар
Тифло жобасы – зағип жандар үшін шексіз мүмкіндік
- 11 желтоқсан, 2025
Қолға алынған барлық реформа бір ғана мақсатты көздейді
- 11 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




