Президент
Экономикалық дамудың негізгі мәселелері талқыланды
Мемлекет басшысы Халықаралық консультативтік кеңестің өкілдерін қабылдады. Кездесуге Австрия Республикасының экс-федералдық канцлері Альфред Гузенбауэр, Польша Республикасының бұрынғы Президенті Александр Квасьневский, сондай-ақ, Италия Республикасының бұрынғы Премьер-министрі әрі Еуропалық Комиссияның бұрынғы төрағасы Романо Проди қатысты. Әңгіме барысында Қазақстанның экономикалық дамуының негізгі мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, халықаралық күн тәртібіне қатысты өзекті жайттар жөнінде пікір алмасылды. Гуманитарлық көмек көрсету жайы қарастырылуда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Украинаның экс-Президенті Леонид Кучманы да қабылдады. Кездесу барысында Украинадағы ахуалға қатысты пікір алмасылды. Мемлекет басшысы екі елдің арасындағы ежелден қалыптасқан достық қарым-қатынас өзара тиімді серіктестік негізде дамығанын атап өтті. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Украинаға гуманитарлық көмек көрсету мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты. Өз кезегінде Л.Кучма Қазақстан мен Украинаның түрлі салалардағы қарым-қатынастарын бұдан әрі дамытудың маңыздылығын атай отырып, екі елдің арасындағы өзара іс-қимыл жаңа деңгейге шығатынына сенім білдірді.«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




