Жеңілдетілген несие бағдарламасы іске қосылады
Елімізде жеңілдетілген автонесиелеуишарттары анықталды. Бағдарлама биылғы сәуір айының соңында іске қосылады. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады. «Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, «Жасыл Даму» АҚ қаражаты есебінен Қазақстанның азаматтарына жеңілдетілген автонесие беру және автобус паркін жаңарту бойынша бағдарлама әзірлеп жатыр», – делінген хабарламада.
Жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша қаржыландыру сомасы шамамен 100 миллиард теңгені құрайды. Өңірлердегі автобустар паркін жаңарту үшін 30 миллиард теңгеге жуық қаражат
бөлінеді.
Жеңіл автомобильдерді сатып алуға несие беру келесі шарттар бойынша жүзеге асырылады: сыйақы мөлшерлемесі 4 пайыз, несиелендіру сомасы 10 миллион теңгеден артық емес, қаржыландыру мерзімі 7 жылдан артық емес, бастапқы жарна 0 пайыздан басталады. Көлік құралының құны 15 миллион теңгеден аспайды. Автонесие екінші деңгейдегі банктерде беріледі. Қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін министрліктермен міндетті шарт көзделген. Оған сәйкес екінші деңгейдегі банктерде қарыз алушыларға қаржыландыруды ұсынудың мәртебесі мен мерзімін қадағалайтын автоматтандырылған жүйе болуы тиіс. Сондай- ақ қарыз алушыға екі жылдың ішінде бір реттен артық автонесие алуға тыйым салатын шектеу енгізілген. «Aq jol»-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




