Әлеумет
Қазақстандық спортшы қыз Италияда өткен сұлулық байқауында жеңіске жетті
- author «Ақ жол»
- 29 сәуір, 2022
- 417
Қазақстандық спортшы қыз Италияда өткен сұлулық байқауында жеңіске жетті
Қазақстандық дзюдошы және грэпплингтен әлем чемпионы Әйгерім Әбілқадірова Италияда өткен "Miss Europe Continental-2022" сұлулық байқауында жеңіске жетті.
Бойжеткеннің айтуынша, ол Қазақстан тарихында мұндай беделді байқаудың жеңімпазы атанған бірінші адам. "Ұйымдастырушылар Италияда өтетін халықаралық сұлулық байқауына шақырғанда ұзақ ойландым, бірнеше келіссөздерден кейін келісімімді бердім. Бала күнгі тағы бір арманым орындалды. Бала кезімнен өмірімде бір сәтсіздік болса ата-анам маған әр нәрсенің өз жақсылығы бар деп айтатын және бұл даналық мені әрқашан тыныштандырып жігерлендіреді", - деді бойжеткен.Әйгерім байқаудың жоғары деңгейде өткенін, оған әлемнің түкпір-түкпірінен 60-тан астам ару қатысқанын айтады. Әбілқадырова грэпплингтен қазақтан шыққан жалғыз әлем чемпионы. Сонымен қатар, ол теледидар экрандары мен журналдардының мұқабасында жиі көрінетін модель және актриса.
Ұқсас жаңалықтар
Баланы сөзбен емес, өнегелі ісіңмен тәрбиеле
- 27 қаңтар, 2026
«Тұрақты жұмыс тауып берсе, көмектің «көкесі» сол болар еді...»
- 27 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




