Рамазан айында 100 гегабайт алғандар бар ма?
Кейінгі кездері әлеуметтік желіде тараған жалған ақпараттардан көз сүрінетін болды. Әсіресе, Whatsapp платформасындағы мәліметтердің рас-өтірігін ажырата алмай жүрміз. Мысалы, кеше «Whatsapp предлагает 100 ГБ бесплатного интернета специально для Рамадана! Каждый может подать заявку бесплатно* Я получил свой», деген мәтіндегі сілтеме келді. Біз осы хабарламаға фактчек жасап, рас-өтірігін анықтап көрдік. Үкім: ақпарат жалған. Мұнда өзімізге тиесілі сыйлықты алу үшін сілтемеге өтіп, кейін оны 20 досыма жолдауым қажет екен. Ресми ақпарат көздерінен хабарламаның шынайылығын растайтын бірде-бір мәлімет таба алмадық. Ақпаратты таратқандарға сыйлық бұйырмаған. #түркітілдесжурналистерқоры #фондтюркоязычныхжурналистов #turkdilikonusangazetecilervakfi #turkicspeakingjournalists Сәндібек ПІРЕНОВ
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




