Әлеумет
Қарағанды облысында кеншілерді жұмыстан кетуге мәжбүрледі
- author «Ақ жол»
- 29 сәуір, 2022
- 516
Қарағанды облысында кеншілерді жұмыстан кетуге мәжбүрледі
Әкімдікте олар еңбек инспекциясына шағымданбағанын айтады. Қарағанды облысының Теректі кентіндегі 150 жұмысшы "Алтай Полиметалл" кәсіпорнынан кетуге мәжбүр болдық деп шағымданды. Олар тиісті өтемақы алмаған, бұған қоса қызметтік баспанасынан айырылған.
Қарқаралы ауданының әкімдігі хабарлағандай, бұл кәсіпорында 1000-ға жуық қызметкер еңбек етеді. Биыл кеншілердің жалақысын да көтерген. Шенеуніктер адамдар неге наразы екенін түсіндірмеді.
Әкімдікте қарағандылық кеншілер еңбек инспекциясына жүгінбегенін айтады, деп хабарлады бас мемлекеттік еңбек инспекторы.
Төлеген Оспанқұлов жағдай Қарағанды облысы әкімі жанындағы үшжақты комиссияда талданатынын атап өтті.
"Мәселені шешу үшін жұмыс берушіге 30 сәуірге дейін уақыт берілді. Сол күні бұл мәселе Қарағанды облысы жанындағы штаб отырысында қаралады. Егер олар осы уақытқа дейін өз құқығының бұзылғаны туралы арыз жазса, онда біз мемлекеттік еңбек инспекция ретінде тексерісті бастаймыз", - дейді Қазақстанның Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов. Sputnik.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тифло жобасы – зағип жандар үшін шексіз мүмкіндік
- 11 желтоқсан, 2025
Қолға алынған барлық реформа бір ғана мақсатты көздейді
- 11 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




