Әлеумет
Өзбекстанда жас жұбайларды жақын туыстықты анықтауға арналған тест тапсыруға міндеттейді
- author «Ақ жол»
- 29 сәуір, 2022
- 676
Өзбекстанда жас жұбайларды жақын туыстықты анықтауға арналған тест тапсыруға міндеттейді
Өзбекстанда келесі жылдың 1 шілдесінен бастап некеге тұратын адамарды молекулярлық-генетикалық тестілеуден өтуге міндеттейді. Ел президенті тиісті қаулыға қол қойды.
Осы құжатқа сәйкес, әрбір адам тестті өз ақшасына тапсырады. Оны Ташкенттегі халықтың репродуктивті денсаулығы бойынша республикалық орталықта, сондай-ақ, Қарақалпақстан мен облыстардағы филиалдарында жасайды.
Ғашықтардың бойынан жұлынды бұлшықеттің семуі бойынша гендік тұқым қуалаушылық анықталса, оларды бірыңғай ұлттық тізімге енгізетін болады.
2023 жылдың 1 шілдесіне дейін салалық мекемелер тестті өткізу жүйесін, сондай-ақ, молекулярлық-генетикалық диагностика үшін жүкті әйелдерден алынатын биоматериалды зертханалық талдау тәртібін әзірлейді.
Айта кетері, бұған дейін Өзбекстанның әділет министрлігі некені тіркеуді бір ай бойы күту мерзімін алып тастауды ұсынған болатын. Осылайша, шенеуніктер денсаулық сақтау және неке туралы актілерді тіркеу құрылымдарда бюрократиялық тосқауылдарды жоюға болады деп санайды.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




