Ұлытаулық жиһангез Таразға жол тартты
Кеше 27 сәуір күні Шым қаласынан шыққан ақсақал апта аяғында Тараз қаласына жетпек. Ұлытаудан жаяулатып жолға шыққан жиһанкез Сәрсенбай Оспанұлы Қотырашев 72 жаста. Ұлытау ұлттық тарихи-музейінде қызмет атқарады. Еңбек ардагері. «Қазақстанды жаяу араласам» деген арманын жүзеге асыру үшін наурыздың 31-і күні жолға шыққан.
Жиһангез қарияның мақсаты қарашаға дейін ел ішін аралап шығу. «Ұлытауға бардың ба?» деген тақырыпты жалау еткен қария күніне 40 шақырым жол жүреді. Бұл марафонға ол 7 жыл дайындалыпты. Елімізде жол-жөнекей кездескен ауыл-аймаққа сәлем бере жүріп, оларды Ұлытау тарихымен таныстыруды мақсат тұтып отыр.
Сапарын Қызылордадан бастаған ақсақал Түркістан, Шымкент өңірлерінде болып, енді Таразға қарай келе жатыр.
Одан әрі Алматы, Талдықорғанға қарай жол тартпақ. Осылайша 17 облысты аралап шығуға ниетті.
Сәрсенбай жиһангез жол-жөнекей қолөнерші ұсталардың да тізімін жасақтап жүр.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




