ҚЫЗҒАЛДАҚТАР МЕКЕНІНДЕ...
Қаратаудың күнгейі қай заманнан қызғалдықтың мекені саналады. Осыны ескергендіктен «Aq jol» газетінің 100 жылдығына орай жасалған жоспарға «Қызғалдақ экпедициясын» өткізу де енгізілген еді. Ондағы мақсат – бас газеттің ғасыр мерейтойы қарсаңында туған жердің табиғатын аялап, көздің қарашығындай сақтап, таңғажайып табиғатын қазақ еліне паш ету, қызғалдақты өңірге алыс-жақын шетелден келетін туристерді тарту.
Осы мақсатпен Бас редактор Оралхан Дәуіт бастаған бір топ журналистер Талас пен Жуалы ауданының аумағы шектесетін адам аяғы тие бермейтін, мал түспейтін қызғалдақтар мекеніне фотоэкспедиция жасадық. Тау-тастан өтіп, жер талғамайтын көлікпен Тараз қаласынан төрт сағатта діттеген жерімізге жеттік. Облыстық кино орталығының 10 жылдығына орай бізге ол мекеменің де бір топ қызметкерлері мен операторлары қосылды.
Табиғаттың сонша сұлулығына сүйсініп, жердің сәнін келтіріп құлпыра өскен, көздің жауын алатын қызғалдаққа қызыға қарадық. «Аq jol» және «Ар-ай» газеттерінің фототілшілері Ақәділ Рысмахан мен Алтынбек Қартабай, «Жамбыл-инфо» сайтындағы әріптестер, кино орталығының операторлар, әрбір түп қызғалдақты жеке-жеке обьективке түсіріп, құйып өткен жауынға да қарамады.
Осылайша жексенбіні табиғат аясында, құлпырған қызғалдақтар мекенінде өткізіп, «Ақ жолдың» жүз жылдық мерейтойы аясында жоспарланған үлкен бір шараны өткізіп тастадық. Құдай қаласа, ертең газеттің ғасыр тойына орай шығатын фотокітаптың қызғалдақ құнды жәдігеріне айналады. Амангелді ӘБІЛ
Ұқсас жаңалықтар
Тифло жобасы – зағип жандар үшін шексіз мүмкіндік
- 11 желтоқсан, 2025
Қолға алынған барлық реформа бір ғана мақсатты көздейді
- 11 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




