Әлеумет
Бауыржан Момышұлына қатысты құпия құжаттар Қазақстанға жеткізілді
- author «Ақ жол»
- 23 сәуір, 2022
- 515
Бауыржан Момышұлына қатысты құпия құжаттар Қазақстанға жеткізілді
Қазақстан Қарулы күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи музейінде Мәскеу үшін шайқасқа қатысқан қазақстандық жауынгерлер туралы мұрағат құжаттарын тапсыру рәсімі өтті.
Атап айтқанда, бұған дейін Ресей мемлекеттік саяси-әлеуметтік тарих мұрағатының құпия құжаттары – кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлына қатысты деректер немере інісі Бекет Момынқұлға табысталды. Соның ішінде бірнеше маңызды құжат бар.
Олар:
Б.Момышұлына рәсімделген жалпыодақтық коммунистік партия мүшесінің тіркеу бланкісі, 1942 жыл;
ЖКП мүшесінің партиялық билеті мен есеп карточкасы, 1942 жыл;
КОКП мүшесі Момышұлының тіркеу бланкісі;
Момышұлының есеп карточкасындағы фотосуреті;
"Адам соғысуға үйренеді" атты мақаласы, 1943 жыл;
КСРО Жоғары кеңес президиумының "Б.Момышұлын Қызыл Ту орденімен марапаттау туралы" қаулысы, 1971 жыл;
"Казахстанской правда" газетіндегі "Баурджан Момыш-Улы" (некролог), 1982 жыл.
Осы құжаттарды батырдың туысына Ресей Федерациясының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин тапсырды.
"Құрметті достар, бүгінгі шараға қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Биыл екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасына 30 жыл толып отыр. Біз одақтаспыз әрі доспыз. Бүгін қазақстандық достарымызға табысталған мұрағат құжаттары осы достықты әрі одақтас қарым-қатынасымызды растап отыр", - деді Бородавкин.
Осы орайда дипломат 1941 жылы құрылған қазақстандық дивизиялардың Мәскеуді жанқиярлық ерлікпен қорғағанын еске алды. Олардың арқасында жауға тойтарыс берілді.
"Соңғы жылдары тарихты бұрмалау көбейіп кеткен. Панфиловшылардың ерлігіне де күдікпен қарайтындар бар. Бірақ бүгін табысталып отырған мұрағат құжаттары осы ақпаратты жоққа шығарып, қазақстандық жауынгерлердің қасық қаны қалғанша шайқасқанын растап отыр. Олардың ерлігі ұмытылмайды", - деп атап өтті Бородавкин.
Оның айтуынша, барлық құжаттың құпия белгісі болған. Ал оны ашық жариялау үшін үлкен жұмыс атқарылды. Бюрокартиялық кедергілер де болды. Алайда барлық мәселе шешіліп, мұрағат құжаттары уақытында жеткізілді.Ұқсас жаңалықтар
Тифло жобасы – зағип жандар үшін шексіз мүмкіндік
- 11 желтоқсан, 2025
Қолға алынған барлық реформа бір ғана мақсатты көздейді
- 11 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




