Әлеумет
Қаржы министрі: Сыртқа заңсыз шығарылған 1 млрд долларды елге қайтару бойынша жұмыс жүріп жатыр
- author «Ақ жол»
- 19 сәуір, 2022
- 560
Қаржы министрі: Сыртқа заңсыз шығарылған 1 млрд долларды елге қайтару бойынша жұмыс жүріп жатыр
Бұл туралы Үкімет кулуарында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті.
Министр сыртқа заңсыз әкетілген 1 млрд доллар көлеміндегі қаражатты қайтару бойынша жұмыс жүріп жатқанын айтты.
Қаржы министрлігі тарапынан Ұлттық банкпен айтылған статистикалық ақпараттың бәрін зерттеп, сараптадық. Соның нәтижесінде Қаржылық мониторинг агенттігіне 8 іс бойынша шамамен 1 млрд АҚШ долларына жуық заңбұзушылық деп тапқан, тәуекелі бар істерді берген болатынбыз. Олар қазір тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бас прокуратураның тарапынан 20-дан астам құқықбұзушылыққа байланысты іс қозғалған болатын. Сол қозғалған істер бойынша шамамен 1 млрд АҚШ долларына болжанып отыр. Бірақ нақтылай ақпаратты, қай кездегі немесе немесе қандай субьектілер бойынша екенін құқық қорғау органдарынан алу керек, - деді Қаржы министрі Үкімет кулуарында.Бұған дейін Ерұлан Жамаубаев Каспий құбыр консорциумындағы апаттан келген шығын 100-150 млрд теңге көлемінде екенін айтқан болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




