Қазпошта электронды коммерцияны дамытады
«Қазпошта» АҚ электронды коммерцияны дамытып, жаңа деңгейге шығаруды көздеп отыр. Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ трансформация форумы аясында журналистерге «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин жеткізді.
«Интернеттің қарқынды дамуы кезеңінде зат алмасу, газеттер тарату бәсеңдеп жатыр. Жылына бес пайыз шамасында. Мұны дүниежүзіндегі жағдай көрсетіп отыр. Бірақ жаңа технологиялар бізге жаңа бағыттар беріп жатыр. Бұл – электронды коммерция. Интернет арқылы таратылатын тауарларды уақтында жеткізу, интернетте жаңа порталдар ашу тәрізді бағыттарда жұмыс істейміз. Айта кетерлік жайт, логистика бизнесін, яғни, пошта арасында мемлекетаралық алмасуды дамытамыз. Мұнымен қатар, гибридтік пошта технологиясы енгізілмек, бұл пошта алмасудың уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Біз Қазақстан бойынша бір жылда 4 миллион сәлем-сауқат жеткіземіз. Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш 70-тен 130 миллионға дейін жетеді. Біз электрондық коммерция бағытын дамытып, осы көлемге жеткізуге күш салуымыз керек», – деп толықтырдыҰқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




