Жаһан
Назарбаев пен Путин өзара ықпалдастық мәселелерін талқылайды
- author «Ақ жол»
- 24 қыркүйек, 2014
- 840
Назарбаев пен Путин өзара ықпалдастық мәселелерін талқылайды
Қазақстан мен Ресей президенттері Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өзара ықпалдастық мәселелерін талқылайды, - деп хабарлайды РИА Новости.
30 қыркүйекте Владимир Путин Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді. Ол Нұрсұлтан Назарбаевпен екі елдің XI аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысады. "Форумның жалпы отырысы алдында президенттер бөлек әңгіме жүргізеді, оның барысында қалыптасып келе жатқан Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі Қазақстан - Ресей қатынастары мен өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылау көзделіп отыр", - делінген Кремльдің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетейік, форумның негізгі тақырыбы көмірсутегі саласындағы инновациялар болады. Форумға тиісті ЕАЭО-ға мүше елдер министрліктері мен басқа да ведомстволарының басшылары, ірі бизнес өкілдері қатысады. Аймақаралық ынтымақтастық жөніндегі кездесулер 2003 жылдан бері Ресей мен Қазақстанда кезектесіп өткізіліп келеді. Алғашқы форум Екатеринбургте өтті.
Бұған дейін Қазақстан Парламенті Мәжілісінің ЕАЭО туралы келісімшартты ратификациялау жөніндегі заң жобасын жасауды қолға алғаны хабарланған еді. Құжат бойынша қорытынды 10 желтоқсанға қарай шығарылады. Еске сала кетейік, ЕАЭО туралы келісімшартқа биыл 29 мамырда Астанада қол қойылды.Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




