«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жоғары оқу орындарына - жаңаша көзқарас

Жоғары оқу орындарына - жаңаша көзқарас
ашық дереккөз
Жоғары оқу орындарына - жаңаша көзқарас

Ел азаматтарын сапалы жоғары біліммен қамту жайы Орталық коммуникациялар қызметінде Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаевтың қатысуымен өткен брифингте жан-жақты таратыла айтылды.

Вице-министрдің айтуынша, алдағы уақытта елімізде10 жоғары оқу орны мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламалары аясында мамандар даярлайтын болады. «Бұл үшін жеткілікті қаржы да бөлініп, жаңа білім беру бағдарламалары жасалады, оқу орындарының материалдық-техникалық әлеуеті нығайтылатын болады» деп атап өтті баяндамашы.

Сондай-ақ, 2015 жылы 11 студенттер жатақханасы салынып, студенттердің 80 пайызы жатын орындарымен қамтылуына қол жеткізілмек. Еліміздің жоғары мектептерінде 2010 жылдан бастап техникалық мамандықтарға мемлекеттік тапсырыстың 2 мың адамға артқанын атап өткен Такир Оспанұлы мемлекеттік білім гранттарының қысқартылуының мән-жайы мен жоғары оқу орында күтілетін өзгерістерге де кеңінен тоқталды. Биылдан бастап еліміздің барлық мемлекеттік жоғары оқу орындарында оларға академиялық еркіндік беру шеңберінде бақылау кеңестерін құру көзделуде. «Еркіндік пен жауапкершілік – жоғары оқу орындарын басқарудың басты қағидаттары. Сондықтан жауапкершілікті нығайту үшін корпоративті басқару жүйесі енгізіліп, бақылау кеңестері құрылу үстінде. Бүгінгі таңда біз мұндай құрылымды 10 жоғары оқу орнына енгіздік, жыл аяғына дейін бақылау кеңестері барлық жоғары оқу орындарында да болады деп болжамдалуда», – деді бұл тұрғыда Т.Балықбаев.

Баймаханбет АХМЕТ, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар