Қазақ азаматы электр қуатын беретін құрылғы ойлап тапты
Baq.kz – Әлі де өндіріске шыға қоймаған (суретте) қондырғыны Әбдімүтәлі Дұрманұлы жасаған. Қолынан шыққан дүниені «Жаңабатыр» деп атапты.
Артықшылығы сол желден электр энергиясын өндіреді. Киіз үйдің пішініне ұқсас жасалған құрылғы шағын болғанымен, электр қуатын беретін күші көп дейді автор. Зейнеткер қондырғының жобасын 1996 жылдан бері жүзеге асыра алмай келе жатқанын айтады. Дәл қазір Шымкенттегі зауыттардың бірінде негізгі нұсқасы жасалуда. Отандық инвесторлар қаржы құйып, сынақтан өткізіп береміз деп уәде бергеніне де біраз уақыт өтіпті. Алайда мұндай желден қуат көзін өндіретін құрылғылар Еуропа елдерінде бұрыннан бар. Бірақ киіз үй пішіндес жаңа құрылғының ешбір баламасы жоқ. Егер қуат көзіне сұраныс артса, мұның да көлемін үлкейтуге болады дейді өнертапқыш. Шебер бұл туындысын ЭКСПО көрмесіне ұсынуды жоспарлап отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




