Жаһан
Елімізде кейбір шетелдік телеарналар көрсетілімін тоқтатуы мүмкін
- author «Ақ жол»
- 17 қыркүйек, 2014
- 1.1k
Елімізде кейбір шетелдік телеарналар көрсетілімін тоқтатуы мүмкін
Baq.kz – Қазақстан Республикасында тіркеуге алынбаған шетелдік телеарналар көрсетілімін тоқтатуы мүмкін деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченкоға сілтеме жасап.
"Бізді қазір Қазақстанда таратылатын ресейлік телеарналардың жартысына жуығы құзырлы мемлекеттік органда тіркеуге алынбағандығы қатты алаңдатады. Олар ел аумағында жұмысын бастамастан бұрын сол органға келіп тіркеуге тұруы керек болатын. Қазір біз үкімет алдына осы мәселені қоймақпыз. Біздің ойымызша, Қазақстанға келіп, құзырлы органның тіркеуіне тұрм аған шетелдік телеарналар ел аумағында көрсетілмеуі керек" деді Кравченко Сенат депутаттарының сауалдарына жауап беру кезінде.
Оның айтуынша, шетелдік телеарналар әдетте бар кінәні өзімізге артатын көрінеді. Яғни, таратылыммен жергілікті кәсіпкерлер айналысқандықтан біздің оған қатысымыз жоқ деп ақталады.
"Аталған кәсіпкерлерге де, телеарналарға да шара қолдану керек. Осы салада тәртіп орнатамыз деп үміттенемін. Және ол тәртіпті қалай орнату керектігін біз білеміз" деді Бас прокурордың орынбасары.Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




