Жаһан
«Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» жобасына еліміздің 500-ден астам елдімекендері қатысады
- author «Ақ жол»
- 15 қыркүйек, 2014
- 675
«Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» жобасына еліміздің 500-ден астам елдімекендері қатысады
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығы қарсаңында Қазақстанның 562 елдімекені қамтылған «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» жобасы жүзеге асуда. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов хабарлады.
– Келесі жылдың қаңтар айының соңында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылуы болады. Сонда «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» жобасы қорытындыланады. Ассамблея 1995 жылдың 1-наурызында құрылған болатын. Бұл жоба да осы жылдың 1 наурызынан бастау алды. Өзге жобалардан ерекшелігі, жоба облыстар арасында емес, аудан орталықтары мен елдімекендер, ауылдар арасында өтуде. 562 елдімекен қамтылған жоба келесі жылы да жалғасын таппақ, – деді ол.
Мұнымен қоса, Ералы Тоғжановтың айтуынша, ҚР Конституциясы мен Ассамблеяның 20 жылдық мерейтойын атап өтудің ұлттық жоспары дайын.
Айта кетерлігі, 2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болып белгіленген болатын.Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




