Жаһан
Қазақстан Көшпенділердің бүкіләлемдік ойындарында екінші орын алды
- author «Ақ жол»
- 15 қыркүйек, 2014
- 806
Қазақстан Көшпенділердің бүкіләлемдік ойындарында екінші орын алды
Қырғызстанда Көшпенділердің бірінші бүкіләлемдік ойындары аяқталды. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ойындардың ұйымдастыру комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көшпенділердің бүкіләлемдік ойындарының қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 12 алтын, сегіз күміс, және сегіз қола медальді иеленді. Бірінші орынды Қырғызстан алды, оның жалпы медаль саны 55: 16 алтын, 20 күміс және 19 қола. Үшінші орын үш алтын және үш қоланы иеленген Түрікменстанға бұйырды.
Көшпенділердің бүкіләлемдік ойындары 9-14 қыркүйек аралығында Ыстықкөлде өтті. Турнирге барлығы 22 команда қатысты, әлемнің 19 елінен 430-дан астам спортшы бақ сынады. Ойындар спорттың 10 түрі бойынша өтті: алыш, аламан бәйге, жорға жарыс, қазақша күрес, көкпар, құнан шабыс, қырғыз күресі, ордо, тоғызқұмалақ, аударыспақ.
Толығырақ: http://kaz.tengrinews.kz/allsports/kazakstan-koshpendlerdn-buklalemdk-oyyindaryinda-eknsh-oryin-aldyi-256693/ Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




