Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде экология пәніне арналған жаңа мектеп оқулығы таныстырылды. Әлия Назарбаеваның “Жандану” экологиялық жобасы шеңберінде шығарылған.
Экология пәні бойынша жалпы білім беретін мектептерге арналған «Экология және тұрақты даму» аталатын оқулықтың төрт авторы бар - Әлия Назарбаева, Ғалия Сыздықова, Қазына Шайхислямова, Сайран Әбдіғалина. Оқулық 12-сыныпқа арналған. «Оқулықты Білім және ғылым министрлігі Әлия Назарбаеваның «Жандану» экологиялық жобасымен бірігіп жасап шығарды», – деп түсіндірді Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев. «Біріншіден, жоба авторы Әлия Назарбаеваның атынан сәлемдесу сөзін жеткізгім келеді. Біздің жоба екі жыл бұрын қолға алынған болатын. Бұл оқулықтың төрт авторы бар, негізінде, оның тете авторлары - Қазақстанның әр аймағындағы үш мыңнан астам оқушы мен студент. Екі жыл бойы оқулық барлық облыс орталықтарында, мектептерде сынақтан өтті. Оқулықта 26 фильм түріндегі қосымша бар, оларда Қазақстан экологиясының мәселелері қоршаған орта проблемаларының шешімі әлемдік инновациялық көзқарастар тұрғысынан қарастырылады. Бұл оқулық ашық, бүгіннен бастап, оның әр параграфын жобамыздың сайтында жариялайтын боламыз. Оқушылар, ата-аналар оған өз ұсыныстарын, өзгертулері мен пікірлерін енгізе алады», – дейді Әлия Назарбаеваның экологиялық жобасының білім беру департаменті жетекшісі Мұрат Исаханов.
Ұқсас жаңалықтар
Күзде Starlink желісі ресми түрде өз жұмысын бастайды
- 19 маусым, 2025
Есіл еңбекті жырлаған майдангер
- 1 мамыр, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді