КСРО-ны аңсағандар шығарған «СССР» атты балмұздақ Астана тұрғындарының шамына тиді. Бұл туралы «Алаш айнасы» басылымы Skifnews сайтына сілтеме жасап хабарлады. Балмұздақтардың Астана қаласы дүкендерінде сатылымға шыққанына біраз уақыт өтіпті. Өнімнің қызыл қаптамасында «эскимо в шоколаде» және ірі әріптермен «СССР» деп жазылған. Сондай-ақ, «СССР» сөзінен соң балмұздақтың оң жақ бөлігінде КСРО-ның белгісі – Орақ пен Балға және бес жұлдыз бейнеленіпті. Осы орайда Тараз қалалық Мәдениет үйінің маңдайшасында да Орақ пен Балғаның әлі күнге дейін жойылмай тұрғаны да еріксіз қынжылтады. Саяси пиғылдағы балмұздақ Ресейдің Челябинск облысы, Троицк қаласында шығарылған. Оны «РосФорст» жауапкершілігі шектеулі қоғамдастығы өндірген. Ол туралы тауар анықтамасында анық көрсетілген. Тұтынушылардың айтуынша, балмұздақтың бұл түрінің сатылымда жүргеніне біраз болыпты. Естеріңізге саламыз, бұған дейін Ресей аумағында «Карта России – 2015 г» деген шоколад өндірілген болатын. Ол картада «Территория России», «Новые территории», «Перспективные территории» деген шартты белгілермен 2015 жылы Ресейдің бүкіл Еуразияны жаулап алатыны көрсетілген. Қаның қалай қайнамас!
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Атқарылған іс – арқалаған сенімді ақтайды
- Бүгін, 15:22
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
- Бүгін, 14:00
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді