«Жаңа-Ру» жастар коалициясы мен Тараз қалалық әділет басқармасы «Электронды үкімет – жас жұбайлар үшін» акциясын өткізді. 8-12 қыркүйек аралығында өткен бұл шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын арттыру және мемлекеттік қызмет түрлерін, e.gov жүйесін насихаттау. Аталған коалицияның президенті Серікбол Берікқожа Отбасы күніне орай ұйымдастырылған акция барысында қалалық әділет басқармасында жүзден астам жас жұп некелерін заңдастыруға өтініш бергендіктерін айтады.
Кеше солардың бірқатарына неке қию туралы куәліктері салтанатты түрде тапсырылды. АХАЖ бөлімінің маманы Айман Рыскелді мен Серікбол Берікқожа жаңа өмірге жолдама алған жастардың мерейлі отбасына айналып, шағын мемлекеттің іргесін берік қалауға тілектестіктерін білдірді. Жас жұбайлар естелік сыйлықтарға да ие болды.
Шынар САҒИЕВА, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- Бүгін, 16:20
Аудит тексерісі нені анықтады?
- Бүгін, 16:13
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




