Келер жылдан бастап елімізде жер салығы өседі
Baq.kz – Кәсіпкерлер Алматы облысында құнарлы жерлердің жетпей жатқандығын айтып шағымдануда. Бұл жер телім иелерінің бос жатқан орынды дұрыс пайдаланбауымен де байланысты. Осыған орай, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап игерілмей жатқан жерлерге салық көлемі бірнеше есеге өсетін болады.
Ауыл шаруашылығы министрлігі мұндай шараны қолдану арқылы бос жатқан жерлерді оңтайлы пайдалануға шақырып отыр. Жер телім иесіне салықты еселеп төлегеннен гөрі, өз пайдасына қолданғаны тиімдірек болады. Қазір заң жобасы Үкімет қарауында. Десе де бұл заңның жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен шаруа қожалығына қатысы жоқ. Тіпті олар бірқатар салық түрлерінен босатылады.
«Бос жатқан жерлерді қайтаруға қатысты Президенттің тікелей тапсырмасы бар. Бұл тұрғыда жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазірдің өзінде 60 мың гектардан астам жер қайтарылған», - деді Алматы облысы әкiмiнiң орынбасары Серiк ТҰРДӘЛИЕВ.Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




