Әлеумет
Өңірлерге ыстық түсіретін және антибактериалды препараттардың айлық қоры жөнелтілді
- author «Ақ жол»
- 14 шілде, 2020
- 385
Өңірлерге ыстық түсіретін және антибактериалды препараттардың айлық қоры жөнелтілді
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі дәрі-дәрмек қорын қамтамасыз ету үшін Үндістан мен Ресейге ұшақ жіберілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі уақытта халықтың зор сұранысына ие болып отырған дәрі-дәрмектің 21 түрін өңірлерге жіберіп отырмыз. Жергілікті атқарушы органдар дәріхана желілеріне мониторинг жүргізіп, осы дәрі-дәрмек түрлерінің дәріханаларда болуын қамтамасыз етуі қажет», - деді Алексей Цой Үкіметтің отырысында. Оның айтуынша, елдегі дәрі-дәрмек қорын толықтыру үшін Ресейге екі, Үндістанға бір ұшақ жіберілген. «Отандық өндірісті қоса алғанда осы күнге дейін 2 млрд теңгеге 3,5 миллион қаптама дәрі-дәрмек жеткізілді. Аймақтарға ыстық түсіретін және антибактериалды препараттардың бір айлық қоры жөнелтілді. Препараттар тең дәрежеде бөлініп, аймақтарға жіберілді. Осы жылдың 15 және 17 шілдесінде Үндістанға тағы екі ұшақ, Ресейге тағы бір ұшақ жіберу көзделіп отыр. Дәрі-дәрмек қоры күн сайын бақылауда болады», - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Тифло жобасы – зағип жандар үшін шексіз мүмкіндік
- Бүгін, 05:06
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




