Балабақшалар әзірге жұмыс істемейді
Карантин режимі аяқталғанша эпидемиологиялық жағдайға орай мектепке дейін білім беру ұйымдарына қатысты шешім қабылданады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Карантин мерзімі созылғанын бәріміз білеміз. Соған сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істемейді. Карантин уақыты аяқталғанға дейін эпидемиологиялық жағдайға байланысты шешім қабылданады. Соның ішінде мектепке дейін білім беру ұйымдарына да қатысты шешім қабылданады. Біз осы бойынша белсенді жұмыс істейтін боламыз. Бұл жерде де маңыздысы - балалардың қауіпсіздігі», - дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. Оның айтуынша, бастауыш сыныптар тамақпен қамтамасыз етілмейді. «Себебі сабақ қатаң карантин шараларымен ұйымдастырылады. Тамақ берілген жағдайда балаларға қауіп төнеді. Оқушылар оқу, жазу, есептеу сияқты негізгі сабақты мектепте, музыка, сурет сияқты қосымша сабақтарды үйде онлайн режимде оқиды. Демек мектептң оқу жүктемесі ауыр болмайды», - деп атап өтті ол. 

Ұқсас жаңалықтар
Тифло жобасы – зағип жандар үшін шексіз мүмкіндік
- 11 желтоқсан, 2025
Қолға алынған барлық реформа бір ғана мақсатты көздейді
- 11 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




