Тараз қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Тараз қаласы әкімінің 2020 жылғы 8 шілдедегі №225ж/қ өкімімен Сәдубаев Алмас Қадырбекұлы Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды Алмас Сәдубаев 2005 жылы М.Х.Дулати атындағы университеттін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы «Қазақстан-Тараз» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің редакторы болып бастаған.
2005-2008 жылдары жаңалықтар бөлімінің редакторы, «Қазақстан ұлттық телеарнасы» АҚ PR-директоры болған.
2008-2010 жылдары республикалық басылым «Заң» газеті және журналының бас редакторы қызметін атқарған.
2010 жылы – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының баспасөз хатшысы болған.
2010-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сарапшысы қызметінде болған.
2011-2015 жылдары «ҚР ІІБ Медиа орталығының» бас директоры болып, 2015 жылғы ақпаннан бастап осы уақытқа дейін ішкі істер министрінің баспасөз-хатшысы, Қазақстан Республикасы ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры лауазымында қызмет атқарып келді.
Ұқсас жаңалықтар
Баланы сөзбен емес, өнегелі ісіңмен тәрбиеле
- 27 қаңтар, 2026
«Тұрақты жұмыс тауып берсе, көмектің «көкесі» сол болар еді...»
- 27 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




