Әлеумет
Алматыда 9 мыңнан астам ПТР-тестіні заңсыз сатқандар ұсталды
- author «Ақ жол»
- 8 шілде, 2020
- 430
Алматыда 9 мыңнан астам ПТР-тестіні заңсыз сатқандар ұсталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР-тестінің 9 мыңнан астам данасын заңсыз сатқандар ұсталды. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап хабарлайды. Аталмыш комитеттің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері қалалық Полиция департаменті және МКД қызметкерлерімен бірге 7 шілде күні жедел-іздестіру шараларын өткізіп, коронавирусқа ПТР-тестілерді сатқан адамдарды ұстаған. Оларда кәсіпкерлік қызметпен айналысуға рұқсат құжаттары болмаған.
«Ұсталған тұлғалар жалпы сомасы 32 900 000 теңгеге 7000 ПТР-тестіні заңсыз сатпақ болғаны анықталды. Тексеріс барысында автокөліктен ҚХР өндірілген тағы 2225 ПТР-тесті анықталып, тәркіленді.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 214-бабы 1-бөлігіне (заңсыз кәсіпкерлік) сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды», - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен барлық өңірде дәрі-дәрмектердің бағасын қымбаттату фактілерін анықтау бойынша рейдтер өткізілуде. Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




