Әлеумет
Шымкентте дәрі шығаратын зауыттар тәулік бойы істесе де, мәселе шешілмей отыр
- author «Ақ жол»
- 7 шілде, 2020
- 629
Шымкентте дәрі шығаратын зауыттар тәулік бойы істесе де, мәселе шешілмей отыр
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте вирусқа қарсы дәрілерге сұраныс жоғарылап, фармацевтикалық компаниялар тапсырысын 5 есеге арттырған. Бұл туралы «Зерде-Фито» компаниясының басшылығы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталған компания өкілдерінің мәліметінше, қазіргі таңда парацетамолдың 50-ге тарта аналогы дәріханаларда бар. Әрі көрші Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарынан сұраныс көптеп түсуде екен.
«Ең бірінші Шымкент қаласын толығымен қамтып болған соң ғана, өзге қалаларға жіберіледі», - дейді сала мамандары.
Ал, «SANTO» дәрі-дәрмек зауытында инъекциялық ерітінділер мен инфузиялар, қатты пероральді дәрілік заттар (таблеткалар, саше, түйіршіктер), антибиотик ұнтақтары, стерильді емес ерітінділер шығарылады. Тапсырыс көлемінің артуына байланысты шығарылатын өнім де көбейген.
«830 қызметкер тәулік бойы төрт ауысымда жұмыс істеуде. Өнімнің 70 пайызы - көтерме, 30 пайызы - бөлшек бағада сатылуда» - деді компанияның өндіріс жөніндегі директоры Светлана Майорская.
Қалада «Ақниет», «Зерде» компаниялары жүз шақты дәріханаға екі мезгіл дәрі жеткізіп, дистрибьютерлер қоймаларға күніне 2-3 көлік дәрі-дәрмек жеткізіп отыр.
Дегенмен алып шаһарда дәрі тапшылығы мәселесі шешімін таппай отыр. Себебі, дәріханаларда тұрғындар кезек күткенімен кейбір препараттар сатылымға шықпады.
Салдарынан тұрғындар әр дәріні іздеп, сабылуға мәжбүр. Ұқсас жаңалықтар
Тифло жобасы – зағип жандар үшін шексіз мүмкіндік
- 11 желтоқсан, 2025
Қолға алынған барлық реформа бір ғана мақсатты көздейді
- 11 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




