Әлеумет
Тоқаев қазақтың дәстүрлі ән-күйін насихаттап жүрген барша өнерпазға алғыс айтты
- author «Ақ жол»
- 5 шілде, 2020
- 579
Тоқаев қазақтың дәстүрлі ән-күйін насихаттап жүрген барша өнерпазға алғыс айтты
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Құрметті отандастар! Ардақты ағайын! Сіздерді Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – Елбасының рухани жаңғыру жолын және салт-дәстүріміздің мән-маңызын дәріптейтін игі бастама. Қос ішекті қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар. Қазақтың бекзат болмысы мен асыл қасиеттері қашанда әнмен әрленіп, күймен көмкерілген. Халқымыздың төл өнерін төрімізден түспеген домбырасыз елестету мүмкін емес", - делінген Президент құттықтауында. Тоқаев ұлттық рухты күмбірлеген күйден артық көтеретін дүние кемде кем екенін айтты. "Халқымыздың көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлі жырлағандай: "Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра". Біз ұлттық аспабымыздың бүкіл әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналғанын мақтан етеміз. Атадан балаға аманат болған осындай асыл қазынамызды қадір тұту – бәріміздің қасиетті борышымыз. Жылдан жылға домбыра тартатын жастардың қатары көбейіп келе жатқаны қуантады. Қазақтың дәстүрлі ән-күйін насихаттап жүрген барша өнерпаздарға алғыс айтамын. Домбыра мерекесі құтты болсын! Әр шаңырақтан ән-күй үзілмесін!", - деді Мемлекет басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




