Кеше облыс әкімі Бердібек Сапарбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша бейнеконференциялық байланыс режімінде қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында жамбылдықтар негізінен жер телімдерін алу, кәсіпкерлікті дамыту, мүгедектерге қолдау көрсету, әлеуметтік нысандар салу және тағы басқа мәселелер мен өтініштерін білдірді. Мәселен, тараздық Е. Амандосов полиэтилентерефталатын қайта өңдеу зауытының құрылысын аяқтау үшін қосымша жер телімін сұрады. Бердібек Сапарбаев жоба мердігерлері өз міндеттемелерін толық орындамағанын тілге тиек етіп, оларды жүзеге асырғаннан кейін ғана кәсіпкердің өтініші қаралатындығын жеткізді. Облыс орталығының тағы бір тұрғыны Г.Нұрмашева мүгедектерді жұмыспен және баспанамен қамту мәселесін көтерді. – Қазір көп балалы отбасылар уақытша баспана алуда. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де осындай бағдарлама нұсқаларын қарастыратын боламыз. Жоғары оқу орындарында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жеңілдіктер бар. Өзгелер секілді олар да білім алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасалған, – деп жауап берді аймақ басшысы. Сондай-ақ қабылдауға жазылған М.Ахметов өзі туған Жамбыл ауданы Бесағаш ауылында спорт кешенін салуды өтінді. Аймақ басшысының тапсырмасымен бұл мәселе аудан басшылығында қарастыратын болады. Бердібек Сапарбаев бұл күні барлығы алты адамды қабылдады. Өңір басшысы олардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, түсіндірулер жүргізіп, тиісті мемлекеттік органдарға мәселелерді қолданыстағы заңнама аясында шешу жолында көмек көрсетуді тапсырды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Баланы сөзбен емес, өнегелі ісіңмен тәрбиеле
- 27 қаңтар, 2026
«Тұрақты жұмыс тауып берсе, көмектің «көкесі» сол болар еді...»
- 27 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




