Әлеумет
Той барлық өңірде болып жатыр - Бас мемлекеттік санитар дәрігер
- author «Ақ жол»
- 3 шілде, 2020
- 388
Той барлық өңірде болып жатыр - Бас мемлекеттік санитар дәрігер
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова той-жиындар болған жерде КВИ жұқтырғандардың саны өсіп кететінін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Халықты алдын алу шараларын сақтауға шақыруда шаршамаймыз. Әйтсе де көп адамның талаптарды сақтайтынын да атап өту керек. Десе де бүгінгі күні әлеуметтік желілер арқылы да, туған-туыстарымыздан естігеніміздей, халық әртүрлі той-жиынды – туған күндерді, еске алу рәсімдерін де өткізуде. Мұндай шаралар барлық өңірде болып жатыр. Осы жиындардан кейін өкінішке қарай бәрі де 100 пайыз - КВИ жұқтырып алатынын байқаймыз. Адамдар мұндай жиын-тойлардан келіп, вирусты үйіне таратады. Осылайша адамдар вирусты жүздеп жұқтыруда», - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, инфекция қоғам ішінде осылай таралуда.
«Бәріміз де қарапайым ережелерді сақтамай, індеттің кең тарауына жол беріп отырмыз. Сол себепті тағы да айтарым: коронавирусты жеңу – өзімізге байланысты. Әрбіріміз қаншалықты ережені ұстана білсек, соншалықты індетті тез еңсереміз», - деді ол. Ұқсас жаңалықтар
Баланы сөзбен емес, өнегелі ісіңмен тәрбиеле
- 27 қаңтар, 2026
«Тұрақты жұмыс тауып берсе, көмектің «көкесі» сол болар еді...»
- 27 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




