Әлеумет
Алматылық оқушылар медициналық масканы ыңғайлы ететін құрылғы жасады
- author «Ақ жол»
- 3 шілде, 2020
- 447
Алматылық оқушылар медициналық масканы ыңғайлы ететін құрылғы жасады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зиятерлік мектебінің оқушылары медициналық маска таққанда ыңғайлы болуы үшін арнайы құрылғы жасап шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бұл құрылғы медициналық маска резеңкесінің құлаққа қысымын азайтуға септігін тигізеді. Қазіргі уақытта мұндай құрылғыларға ең алдымен медицина қызметкерлері мұқтаж. Бұған қоса, масканы үнемі тағып жүру қолайсыздық туғызып, құлақтың ту сыртының терісін тітіркендіретін айтып, дабыл қаққан болатын», - делінген аталған мектептің Facebook парақшасында жарияланған ақпаратта.
Аталған құрылғы барлық қысымды құлаққа емес, қарағұсқа түсіреді. Яғни, қарағұсқа толық жататын құрылғыға масканың құлаққа ілінетін резеңкесі жалғанады. Мұндай құрылғыны 3D-принтер көмегімен кәдімгі пластиктен 15-20 минуттың ішінде басып шығаруға болады. Салмағы - небәрі 3 грамм.
Айта кетерлігі, мұндай құрылғының алғашты топтамасы Алматы қаласындағы №7 аурухана дәрігерлеріне табысталды. Дәрігерлер мектеп оқушыларына үлкен ризашылықтарын білдіріп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




