Әлеумет
Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем қызметкерлеріне түсіністікпен қарауға шақырды
- author «Ақ жол»
- 3 шілде, 2020
- 316
Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем қызметкерлеріне түсіністікпен қарауға шақырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният жедел жәрдем қызметкерлері шақырту түскен жағдайда жағымсыз жағдайлармен жиі кездесіп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Жедел жәрдем қызметінің медицина қызметкерлері шақыртулар кезінде жағымсыз эмоциялық жағдайлармен көп кездеседі. Олар өте жоғары физикалық және психикалық жағдайда жұмыс істеп жатыр. Шақыртулар бойынша қызмет көрсету деңгейі бірінші кезекте пациенттердің жағдайының ауырлығына байланысты анықталады. Сондықтан медициналық қызметкерлерге ренжімей, өз кезектеріңізді күткендеріңіз дұрыс», - деді ол ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Ажар Гинияттың айтуынша, тестілеуді жүргізу төңірегіндегі даулы жағдай ПТР-тест тапшылығына байланысты емес. Осы уақытқа дейін Қазақстанда 1,5 млн тест жүргізілген.
«Одан бөлек қосымша 1,2 млн тест сатылып алынуда. Азаматтардың көпшілігі бір мезгілде жүгінген жағдайда ПТР-анализаторлары бар 56 зертхананың өткізу қабілеті жеткіліксіз болып отыр. Осыған байланысты кезек қалыптасып қалады. Осы жылы тамыз айының соңына дейін 20 ПТР-анализатор сатылып алынып, зертханалар саны көбейеді. Тестілеу дәрігерлердің кеңесі бойынша өткізілуі тиіс», - деді ол. Ұқсас жаңалықтар
Тифло жобасы – зағип жандар үшін шексіз мүмкіндік
- 11 желтоқсан, 2025
Қолға алынған барлық реформа бір ғана мақсатты көздейді
- 11 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




