Әлеумет
Емханалардың жұмысы қашықтан қызмет көрсету форматына ауыстырылды
- author «Ақ жол»
- 3 шілде, 2020
- 486
Емханалардың жұмысы қашықтан қызмет көрсету форматына ауыстырылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният еліміздегі емханалардың жұмысы қашықтан қызмет көрсету форматына ауыстырылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Біріншіден, учаскелік және консультациялық қызметтер мүмкіндігінше қашықтықтан көрсетілуі тиіс. Екіншіден, жоспарлы көмек пен диагностикалық қызметтер қатаң түрде дәрігерлердің көрсетілімдері бойынша онлайн жазу арқылы жүзеге асырылады. Емханаға азаматтар алдын ала күні бұрын шақыртылады. Емханаларда қазіргі жағдайда кезек күтуге, көп адам жинауға жол бермеу керек. Бүгінгі күні жұмысты көшпелі мобильді бригада арқылы ұйымдастыруды жалғастырудамыз. Осы таңда 383 көшпелі мобильді бригада жұмыс істеуде», - деді ол ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Вице-министрдің айтуынша, осы мобильді топтардың бір түрі КВИ бойынша тест алады. Онда мейірбикелер жұмыс істейді.
«Бригаданың екінші түрі – КВИ расталған науқастарға үйде қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта 165 мың пациент амбулаториялық жағдайда көмек алуда. Бригаданың үшінші түрі – созылмалы аурулары, онкологиялық аурулары бар адамдарға, жүкті әйелдер мен балаларға көмек көрсетеді», - деді ол. Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




