Әлеумет
Дене қызуын түсіретін, бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды
- author «Ақ жол»
- 3 шілде, 2020
- 531
Дене қызуын түсіретін, бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан аумағында тіркелген, құрамында парацетамолы бар, дене қызуын түсіретін, вирусқа және бактерияға қарсы дәрі-дәрмектің тізімін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Министрліктің мәліметінше, әр дәрі-дәрмектің бірнеше атауы болады. Оның ішінде халықаралық патенттелмеген атауы, химиялық және коммерциялық атауы бар. Халықаралық атауын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекітсе, химиялық атауы күрделі, айтуға ауыр болуы мүмкін.
Ал енді сатылымға шыққан кезде фармкомпаниялар дәрінің атауын өз қалауынша қоя береді. Мысалы цефтриаксон - препараттың халықаралық патенттелмеген атауы, ал оны компаниялар саудаға шығарған кезде Абитракс, Цефаксон, Аксон, Белацеф, Сефабел және басқа атаулармен сата береді. Бірақ барлығының құрамында цефтриаксон бар. Сондай-ақ азитромицин дәрісінің де Азитромицин Сандоз ® , Азитрус, Зитмак секілді түрлері баршылық.
Қазақстанның дәрі-дәрмек мемлекеттік реестрінде дене қызуын түсіретін парацетамол халықаралық патенттелмеген атауымен 86 дәрі тіркелген. Оның ішінде отандық препарат та, шетелде өндірілгені де аз емес.
Сонымен қатар, антибактериялық - 108, вирусқа қарсы - 29 түрлі дәрі бар. Оның тізімі төменде келтірілген.
Ұқсас жаңалықтар
Тифло жобасы – зағип жандар үшін шексіз мүмкіндік
- 11 желтоқсан, 2025
Қолға алынған барлық реформа бір ғана мақсатты көздейді
- 11 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




