Медицина қызметкері күнімен құттықтады
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин еліміздің денсаулық сақтау саласының өкілдерін Медицина қызметкері күнімен құттықтады, деп хабарлады осы Палатаның баспасөз қызметі.
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс депутаттарының атынан құттықтауды өзінің Twitter-дегі жеке парақшасында жариялады.
«Мәжіліс депутаттары атынан медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Бүгін өзім ауруханада ем қабылдап жатқанда, дәрігерлер мен медбикелердің індетпен күрескеніне куә болдым. Сіздердің еңбектеріңізді бағалаймыз! Баршаңызға зор денсаулық және амандық тілеймін!» деп жазды Мәжіліс Төрағасы.
Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, Медицина қызметкерінің күні бүгінгі таңда нағыз жалпыхалықтық мерекеге айналды. Әрбір дәрігердің халықтың денсаулығын қорғау жолындағы қосқан үлестері орасан зор.
Осыған орай, Мәжіліс Төрағасы барлық қазақстандықтардың дендеріне саулық және амандық тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Баланы сөзбен емес, өнегелі ісіңмен тәрбиеле
- 27 қаңтар, 2026
«Тұрақты жұмыс тауып берсе, көмектің «көкесі» сол болар еді...»
- 27 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




