Әлеумет
Жамбыл облысында демалыс күндері карантиндік шаралар күшейтіледі
- author «Ақ жол»
- 18 маусым, 2020
- 424
Жамбыл облысында демалыс күндері карантиндік шаралар күшейтіледі
Тараз қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен ағымдағы жылдың 20-21 маусым аралығында облыс орталығында карантиндік шаралар күшейтілуде:
22.00-ден 06.00-ге дейінгі уақыт аралығында қалада халықтың қозғалысына шектеу қойылады.
Саябақтардың, алаңдардың және скверлердің жұмысына тыйым салынады.
Субұрқақтарда, «Зербұлақ» демалыс аймағында, сондай-ақ белгіленбеген жерлерде (Талас өзенінің жағасында, қала арналарында және т.б.) шомылуға тыйым салынады.
Сондай-ақ, 65 жастан асқан адамдар мен денсаулықтың жалпы ақаулары бар «қауіп тобына» кіретін тұрғындардың аса қажет болмаған жағдайда үйден шығуы шектеледі.
Облыс орталығының тұрғындары үйден тыс жерлерде кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтауы тиіс.
Барлық жерде бетпердесіз жүруге, сонымен қатар бұқаралық отбасылық және спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.
Ұқсас жаңалықтар
Баланы сөзбен емес, өнегелі ісіңмен тәрбиеле
- 27 қаңтар, 2026
«Тұрақты жұмыс тауып берсе, көмектің «көкесі» сол болар еді...»
- 27 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




