Әлеумет
Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы болып Қанатбек Мәдібек тағайындалды
- author «Ақ жол»
- 17 маусым, 2020
- 1.7k
Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы болып Қанатбек Мәдібек тағайындалды
Қанатбек Мәдібек Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Мәдібек Қанатбек Қайшыбекұлы 1977 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген, білімі жоғары.
1998 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Жаңатас қаласындағы «Водоканал» кәсіпорнында инженер болып бастаған.
1999-2005 жылдары Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімі аппаратында кеңесші, бас маман, бөлім меңгерушісі, 2005-2006 жылдары Сарысу ауданы Жаңаарық ауылдық округінің әкімі, 2006-2010 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратында бас инспектор, бөлім меңгерушісі, 2010-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2012-2015 жылдары Сарысу ауданының әкімі, 2015-2016 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары, 2016-2019 Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы қызметтерін атқарған.
2019 жылдың наурызынан бастап Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарып келді.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




