COVID-19 ауруының жаңа жағдайлары туралы
Ағымдағы жылдың 10 маусым күні Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 5 жаңа жағдайы тіркелді.
Атап айтар болсақ, Сарысу ауданында коронавирус ауруының алғашқы жағдайы 1985 жылы туған тұрғынынан анықталды. Сондай-ақ, Қордай ауданының 1971 жылы туған тұрғыны да дертке шалдықты. Сонымен қатар, 1966, 1980 жылы туған тараздықтардан да КВИ расталды. Барлық жағдайлар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталды.
Бұдан бөлек облыс орталығының тағы бір 1997 жылы туған тұрғынынан бір оқиға анықталды.
Барлық науқастар жұқпалы аурулар стационарына жеткізілді, ал олармен байланыста болған адамдар карантинге оқшауланған. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 10 маусымындағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 462 жағдайы тіркелді.
Ауырғандардың ішінен 271 адам сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




