Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады
ашық дереккөз
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Прези­дент­і Владимир Путинге құт­тықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Ресей Пре­зи­­денті Владимир Путинді және барша ресейліктерді ұлттық мере­келері – Ресей күнімен құттықтады. – Ресей Федерациясы өзінің жаңа тарихында осы атаулы күнді халық­аралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жаңа сын-тегеу­ріндер мен қатерлерге қарсы іс-қи­мыл­дарға, әлемдік қауымдастық мү­ше­­­лері арасындағы өзара тиімді және әділ ын­тымақтастықты дамыту­ға үлкен үлес қосып отырған қуатты әрі бедел­ді держава ретінде атап өтеді. Сіз­дің стра­тегиялық бағытыңыз­ды қатаң ұс­­тана отырып, Ресей мемле­кет­тік құ­­ры­­лымның сан ғасырлық дәс­түрін та­­бысты арттырып, қоғамдық өмір­дің бар­лық саласын дәйекті түрде жаң­­­ғыр­­тып келеді, – делінген жеделхатта. Сонымен қатар Қазақстан Пре­зи­денті ресейліктердің патриотизм мен бірлікке бейілдігі, Отандарына деген мақтаныш сезімі мен жарқын болашаққа деген нық сенімі Ресей мемлекетінің тұрақты дамуына және әл-ауқатының артуына кепіл болатынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге Қазақстан мен Ресей арасын­дағы достық байланысты және одақ­тас­тықты одан әрі нығайтуға бағыт­талған жемісті еңбегі үшін риза­шылығын білдірді.  

egemen.kz

Ұқсас жаңалықтар