Деструктивті ағымдардың залалын түсіндіруде

Деструктивті ағымдардың залалын түсіндіруде
ашық дереккөз
Деструктивті ағымдардың залалын түсіндіруде

Барлық діннің негізі – адамзатты ізгілікке бастау. Дін – құндылық. Халық арасында теріс ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыруда дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының қызметі зор.

Жалпы ауданымызда діни тұрақтылықты сақтау мен конфессияаралық келісімді нығайту және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында 1 аудандық, 18 ауылдық ақпараттық-түсіндіру топтары кұрылған. Топ құрамына имамдар мен психолог мамандар және дін саласына уәкілетті мемлекеттік қызметшілер енген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерімен Қазақстан Республикасы дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының басым бағыттарын жан-жақты түсіндіру және дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу мақсатында өңірдегі діни ахуалды тұрақтандыру бойынша әртүрлі форматта 344 іс-шара және Оңалту жұмыстары бойынша 59 іс-шара өткізіліп, 26 мыңнан астам адам қамтылды. Атап айтқанда, 2019 жылдың желтоқсан айында Cарыкемер мектеп-гимназиясында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйытқы болуымен аудандық ақпараттық-түсіндіру топ мүшелеріне арналған «Қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі діни сауаттылықтың рөлі», «БАҚ және интернет көздері арқылы дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және діни экстремистік мазмұндағы контенттерге қарсы насихат жұмыстары» тақырыптарында оқыту семинарлары ұйымдастырылды. Семинарға облыс әкімі аппаратының терроризмге қарсы қызметті үйлестіру басшысы, облыс әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» ақпараттық-түсіндіру және жоспарлау бөлімінің басшысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, дінтанушы Е.Жақыпов, орталықтың оңалту бөлімінің басшысы С.Құлтаев және діни экстремизмге қарсы насихат бөлімінің басшысы Н.Қуанышов, Тараз қаласы «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб-имамы Б.Әміреев қатысты. Аудан аумағындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ҚР АКДМ ұсынған әдістемелік ұсынымға сай жүргізілуде. Ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің желілік кестеге сәйкес іс-шаралары жұмыстарынан бөлек, діни бірлестіктердің заң аясындағы қызметтері, суицид, әлеуметтік желілердегі ақпараттар талдау бағыттарындағы шараларға тартылуда. Жыл басынан бері 52 іс-шара өткізіліп, қазіргі төтенше жағдайға байланысты онлайн режімінде 2-еуі діни бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен, 2-еуі аудандық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерімен еркін сұхбат форматында өтті. Сонымен қатар ауыл жастары арасында «Діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет ресурстардың қаупі» тақырыбында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйытқы болуымен онлайн режімде іс-шара өткізілді. Жастар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Мұнымен қатар Сарыкемер ауылындағы орталық стадионда «Спорт – діни экстремизмге қарсы!» ұранымен баскетболдан 2003-2004 жылы туған жасөспірім ұлдар арасында Ергеш Алтаевтың жүлдесіне арналған турнир ұйымдастырылды. Оған қатысқан 8 команданың арасынан жүлделі орынға ауданымыздың №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің баскетболшылары қол жеткізді. Діни экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы насихат жұмыстарын жүргізуде жергілікті «Ауыл жаңалығы» газетінде бүгінгі күнге дейін 24 мақала жарық көрді. Әлемдік індетке байланысты елімізде төтенше жағдай режімі енгізілуіне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйғарымымен аудан аумағындағы барлық мешіттерде оқылатын жұма және жамағат намаздары уақытша тоқтатылған болатын. Бұдан бөлек, елді мекендерде орын тепкен діни бірлестіктерде қауіпсіздік шаралары қатаң бақылауға алынып, қауіпті індет туралы, одан сақтану шаралары, қорғану тәсілдері түсіндіріліп, мешіт төңіректерін дезинфекциялау шаралары ұдайы жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 26 наурызы күні «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің өңірлік филиалдармен өткізген бейнеконференция байланысында берген тапсырмаларына сәйкес, аудан орталығындағы «Байзақ баба» мешітінде «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында 13 рет қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Акция барысында «Nur Otan» партиясының аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және белсенді партия мүшелері, жеке кәсіпкерлер қоғамның осал топтары: аз қамтылған отбасылар, оның ішінде, көп балалы, мүмкіндігі шектеулі мұқтаж жандар, мүгедек баланы қараушылар, ең төмен зейнетақы алушы зейнеткерлер, асыраушысынан айырылған балалар сынды көмекке мұқтаж 520 жан азық-түлікпен қамтылды. Аудандық Жастар ресурстық орталығының бастамасымен, белсенді жастар мен еріктілердің демеушілігімен Байзақ ауданының кіреберісіндегі «Сарыкемер – Тараз» тас жолындағы №5 блок-бекетіндегі полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерге ыстық тамақ мәзірі ұсынылды. 2019 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қақтығыс аймақтарынан әйелдер мен балаларды елге қайтару бойынша жұмыстар жүргізілген болатын. Осыған орай, «Жусан» операциясы аясында 2019 жылдың 4 шілдесінде Сирия Араб Республикасынан ауданымызға үш жасөспірім жеткізілді. Балаларды ортаға бейімдеу, тиісті әлеуметтік-психологиялық және медициналық көмек көрсету, білім алуына және қамқоршылық тағайындау мәселелеріне қатысты жұмыстар атқарылды. Аталған отбасының әр мүшесімен теолог мамандар, педагог-психолог және дәрігерлер жұмыс істеді. Ауқымды жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мектеп жасындағы жеткіншектер оқумен қамтылды. Бірінің туу туралы куәлігі болмағандықтан, құжат жасалынып табысталды. Облыстық дін істер басқармасының теолог мамандары аталған отбасының мүшелерімен жүргізген жұмыстарының арқасында жасөспірімдер қоғамға икемделді. Төтенше жағдайға байланысты аталған отбасыға «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының ұйытқы болуымен әлеуметтік көмек көрсетілді, атап айтқанда азық-түлік, киім-кешек, бетперделер тапсырылды. Сондай-ақ Сарыкемер, Қостөбе, Қызыл Жұлдыз, Дихан, Ботамойнақ, Ынтымақ, Жалғызтөбе, Суханбай, Бурыл ауылдық округтердегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері жергілікті тұрғындарға төрткүл дүниеге таралған қауіпті індетке қарсы қауіпсіздік шараларын сақтау, өз-өзін оқшаулаудың маңызы туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар аталған топ мүшелері мешіт имамдарымен бірлесе отырып, қайырымдылық шараларын ұйымдастырды. Жергілікті жерлердегі көмекке мұқтаж 681 отбасыға азық-түлік жиынтығы мен көп реттік бетперделер үлестірілді. Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орайластырылып, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі мен әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Бірлік пен достық – адалдық алаңы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Айтулы шарада аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Қыдырәлі Оралов жастар бойына тіл және мәдениетке деген құрметті қалыптастыру, көпұлтты елімізде татулықты нығайту бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігін айтты. Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы «ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін» кіші жобасы бойынша жұмыстар жүйелі атқарылуда. Солардың бірі – облыстық дін істері басқармасының тапсырысымен «ЖК Aminov» жетекшісі Ақжол Мінкеновтің ұйытқы болуымен Сарыкемер мектеп-гимназиясы мен орталық емханада белгілі теолог, аудармашы Құдайберді Бағашар «Азаматтардың деструктивті діни ағымдарға тартылуының алдын алу» тақырыбында семинар өткізді. Баяндамашы жат ағымдардың қоғамға, адамдарға тигізетін кері әсері, дәстүрлі дініміздің мақсаты, ел тәуелсіздігі мен бірлігін сақтау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды. Бұдан бөлек, «Елдік елге байланысты» атты облыстық қоғамдық форумында қабылданған Үндеуді іске асыру мақсатында аудандық Жастар ресурстық орталығында «Ел болашағы – жастар» атты жастар арасында кездесу өтіп, онда түйткілді мәселелер талқыға салынып, ақпараттық парақшалар таратылды. Ақпараттық түсіндіру топтары қоғамдағы зайырлылық сана-сезімін нығайту, азаматтар мен қоғамды жалған ақпараттан қорғау, ел бірлігі мен татулығын сақтау, елімізде жүргізіліп жатқан саясаттың түрлі аспектілері туралы дұрыс қоғамдық пікір қалыптастыруды көздейді. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жүргізіліп отырғандықтан, нәтижесі де жаман емес. Бұдан өзге аудандық АТТ жұмыстары қазіргі таңда әлеуметтік желілердегі парақшаларда қарқынды жүруде. Себебі ел аумағындағы COVID-19 індетінің таралуына байланысты, АТТ мүшелері әлеуметтік желілер арқылы тұрғындар арасында тікелей эфир өткізіп, облысымыздағы дін істері басқармасының өткізіп жатқан онлайн дәрістеріне қатысуда. Аудандық АТТ мүшелері Facebook, Instagram желілері арқылы «Байзақ Дін» парақшасын жүргізуде. Аталған парақшада жыл басынан бері 346 материал жарық көрді. Оқырмандар әртүрлі санаттағы жас мөлшерлерін қамтиды. Облыс әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» мамандарынан тиісті материалдар алынып, желідегі парақшаларға бөлісіледі. Мессенджерлерден арнайы топтар ашылып, ауданымыздағы тұрғындар мен жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сәуле Арғынбаева, Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің дін сектор меңгерушісі.

Ұқсас жаңалықтар