Тағы жеті жағдай тіркелді
30 мамыр күні облыста коронавирустық инфекцияның 7 жағдайы тіркелді, олар Тараз қаласы, Шу және Қордай аудандарында анықталды.
Шу ауданында төрт адам, оның ішінде 1988 және 1972 жылы туған екі вахталық жұмысшы, 1966 жылы туған бір медициналық қызметкер және 1994 жылы туған жүкті әйел инфекция жұқтырған.
Сондай-ақ тараздық екі зейнет жасындағы тұрғыннан КВИ диагнозы расталды. Облыс орталығының 64 жастағы тұрғыны профилактикалық іс-шара аясында тексеруден өткен. Өз кезегінде созылмалы өкпе ауруымен есепте тұрған 76 жастағы екінші тұрғын клиникалық белгілерімен ауруханаға жатқызылған.
Бұдан бөлек, Қордай ауданында жуырда Түркістан облысынан келген 18 жасар тұрғыннан да инфекция табылған.
Барлық науқастар жұқпалы аурулар стационарына жеткізілді, ал олармен байланыста болған адамдар карантинге оқшауланған. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.
31 мамыр сағат 18.00-дегі жағдай бойынша облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған 377 адам тіркелген. Барлық ауырғандардың 190-ы емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.
Ұқсас жаңалықтар
Тифло жобасы – зағип жандар үшін шексіз мүмкіндік
- 11 желтоқсан, 2025
Қолға алынған барлық реформа бір ғана мақсатты көздейді
- 11 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




