Өзбекстан Түркістанға гуманитарлық көмек жіберді
Көрші елден 150 мың бетперде, 2500 қорғаныс киімі келді
Түркістан қаласына Өзбекстаннан үш жүк көлігімен гуманитарлық көмек келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Керуенді қарсы алған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өңір тұрғындары атынан алғыс білдірді.
«Көрші елден 150 мың медициналық бетперде, 2500 қорғаныс киімі, 150 мың медициналық қолғап, 1000 термометр және 440 кереует келген. Аталған көмек алдағы уақытта Түркістан облысының барлық медициналық мекемесіне үлестірілмек», - деп жазылған хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




