COVID-19 ауруының жаңа жағдайлары туралы
Ағымдағы жылдың 3 маусымында Жамбыл облысында коронавирусты инфекцияның 7 жағдайы тіркелді.
Облыс орталығының 1977, 1996, 1962, 1995 жылдары туған төрт тұрғыны инфекция анықталды. Олардың үшеуі эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша, біреуі байланыста болған адамдар арасынан белгілі болды.
Сондай-ақ, тағы үш жаңа жағдай Т.Рысқұлов ауданының 1957, 1980, 1992 жылдары туған тұрғындары арасынан тіркелді. Олар бұған дейін ауырған науқаспен жақын байланыста болған.
Барлық науқастар жұқпалы аурулар стационарына жеткізілді. Ал олармен байланыста болған тұлғалар карантинге оқшауланды. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 2 маусымдағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 405 жағдайы тіркелді.
Індет жұқтырғандардың 209-ы сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




