Нұр-Сұлтанда апаттық жағдайдағы үйлер күреле басталды
Нұр-Сұлтанда ескі апаттық үйлерді бұзу жұмыстары басталды. Биыл 800-ден астам отбасы жаңа және қауіпсіз үйге көшіріледі. Мәселен, қазір Бейсекбаев көшесінде орналасқан ескі үйлер күрелуде. Бұл үйлердің пайдалануға берілгеніне 70 жылға жуықтады. Жыл соңына дейін күрелетін үйлердің қатарында 1930 жылы салынған баспаналар бар.
Бұдан бөлек 2020 жылы ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша 50-ден астам көппәтерлі тұрғын үй кешені жөнделіп, 100-ден астам жеделсатыға жөндеу және ауыстыру жүргігізіледі. Жаңғырту бағдарламасы – ол қайтарылатын қаржы. Мемлекет күрделі жөндеуге қаржы бөледі, кейін ол 15 жыл мерзімге дейін тұрғындардың арасында бөлінеді.
Өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 8 апатты үйдің тұрғындары көшіріліп, 90-нан астам отбасы жаңа пәтерге қоныстанды. Сонымен бірге үйлері мұнай базасына жақын орналасқан 39 разъездің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді