Әлеумет
Жамбыл облысындағы ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы
- author «Ақ жол»
- 3 маусым, 2020
- 446
Жамбыл облысындағы ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы
Ағымдағы жылдың 1 маусымы күні Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 13 жағдайы тіркелді.
Ауру Шу ауданындағы бір кәсіпорынның алты жұмыскерінен анықталды. Бұған дейін ондағы бір қызметкер ауырған болатын. Науқастар – 25 пен 60 жас аралығындағы Қарағанды және Алматы облыстарының тұрғындары.
Сондай-ақ, Тараз қаласында ЖРВИ белгілерімен медициналық мекемелерге жүгінген екі жүкті әйел мен екі тұрғынның да талдаулары оң нәтиже көрсетті.
Бұдан бөлек, Жамбыл, Т.Рысқұлов және Байзақ аудандарының 1987, 1985 және 1999 жылы туған тұрғындарынан да аталған дерт расталған.
Барлық науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді, олармен байланыста болған тұлғалар карантинге оқшауланды. Ошақтарда дезинфекциялық өңдеу шаралары жүргізілді.
Жалпы ағымдағы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында 393 коронавирустық инфекция тіркелген, олардың ішінде Тараз қаласында – 222, Байзақ ауданында - 36, Жамбыл ауданында - 12, Жуалы ауданында – 1, Қордай ауданында - 48, Рысқұлов ауданында – 8, Меркі ауданында - 7, Мойынқұм ауданында - 1, Талас ауданында – 13, Шу ауданында - 13.
Сондай-ақ, Дели - Тараз рейсінен алты оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшалар арасында 26 оқиға анықталды.
Барлық дерт жұқтырғандардың 196-сы сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




