Жамбыл облысында коронавирустың 15 жағдайы анықталды
26 мамыр күні Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 15 жағдайы тіркелді.
Тараз қаласында - 12, Жамбыл ауданында - 2, Меркі ауданында - 1 жағдай анықталды.
Атап айтқанда, ауру бір отбасының төрт мүшесінде, оның ішінде екі кәмелетке толмаған баладан анықталды. Эпидемиологиялық зерттеуге сәйкес, отбасы мүшелерінің біреуі бұған дейін ауырған науқаспен байланыста болған.
Сондай-ақ, 25 мамырда облыс орталығының 81 жастағы тұрғыны ЖРВИ белгілерімен учаскелік дәрігерге жүгінген. Оның зерттеулері коронавирустық инфекцияның бар екендігін растады.
Тағы бір жағдай скринингтік тексеру арқылы анықталды. 1980 жылы туған науқас облыс орталығында тұрады, жұмыссыз.
Барлық науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді, олармен байланыста болған тұлғалар анықталып, карантинге алынды. Ошақтарда дезинфекциялық шаралар жүргізілді.
Жалпы, ағымдағы жылдың 26 мамырындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 358 жағдайы тіркелді. Барлық дерт жұқтырғандардың 173-і сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




