Әлеумет
Ораза айт – ислам әлеміндегі қастерлі мейрам – Мемлекет басшысы
- author «Ақ жол»
- 24 мамыр, 2020
- 369
Ораза айт – ислам әлеміндегі қастерлі мейрам – Мемлекет басшысы
Президент қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады. Президент құттықтауды Ақорданың ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Құрметті отандастар! Сіздерді Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – ислам әлеміндегі айтулы әрі қастерлі мейрам. Ораза айт рухани тұрғыдан жаңаруға және кемелденуге үндейтін қасиетті Рамазан айына жалғасып, жақсылыққа жетелейді. Имандылықпен берік үндес адамгершілік пен бауырмалдық, қарапайымдылық пен кішіпейілділік – ұлттық тәлім-тәрбиенің бастауы.Оны бүгінгі ұрпақтың өмір салтына айналдыруымыз керек. Мейрам күндері күллі мұсылман қауымы бір-біріне қамқорлық жасап, мұқтаж жандарға қолдау көрсетеді. Мұндай игі істер біздің ырыс-ынтымағымызды арттыра түседі. Рамазан айында сабыр сақтап, төзімділік танытқанымыздың арқасында індетке байланысты қалыптасқан ахуал біршама тұрақтанды. Халқымыздың парасаты мол, бірлігі бекем болса, бұл сынақтан да сүрінбей өтеміз деп сенемін.Ораза айт құтты болсын! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеймін!»,-делінген президент құттықтауында.
Ұқсас жаңалықтар
Тифло жобасы – зағип жандар үшін шексіз мүмкіндік
- 11 желтоқсан, 2025
Қолға алынған барлық реформа бір ғана мақсатты көздейді
- 11 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




