Ораза айт исламның басты рухани құндылықтарын дәріптейді - Елбасы
- author «Ақ жол»
- 24 мамыр, 2020
- 205
Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ораза айт мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
Құрметті отандастар!
Баршаңызды мұсылмандардың қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын!
Рамазан айының аяқталғанын білдіретін бұл мейрам исламның ең басты рухани құндылықтары – жақсылықты, кең пейілділік пен мейірімділікті дәріптейді.
Ислам бәрімізді бейбітшілікке, бірлік пен тұрақтылыққа шақырады. Бұл құндылықтар мұсылман үмбетімен бірге барлық дін өкіліне жақын. Сондықтан біздің елімізде Ораза айт діни сеніміне қарамастан күллі қазақстандықты біріктіре түседі.
Осы дәстүрлерді одан әрі нығайту, адамгершілік құндылықтарды бағалай білу маңызды. Бұл – Қазақстанның тұрақты және сенімді дамуының негізі.
Мереке күндері жақсы істер жасалып, жақын адамдарға қамқорлық, мұқтаж жандарға қолдау көрсетіледі. Мейрам қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға септігін тигізеді.
Осынау қастерлі күн секілді біздің өміріміз де игі істерге, ізгі ойлар мен мейірімділікке толы болсын.
Барша қазақстандыққа рухани күш-қуат, зор денсаулық және бақ-береке тілеймін!
Ораза айт қабыл болсын!
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді