Жамбыл облысында екі жаңа COVID-19 оқиғасы анықталды
2020 жылдың 17 мамырында Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның екі жаңа оқиғасы анықталды.
Инфекция Түркістан облысының 1995 жылы туған тұрғынынан табылды. Ол алыс қашықтыққа қатынайтын жүргізуші болып жұмыс жасайды. 11 мамыр күні Ресей Федерациясынан Қазақстанға оралған кезде Павлодар облысындағы шекара бекетінде КВИ-ға тексеріліп, теріс нәтиже көрсеткен.
14 мамырда ол Жамбыл облысы Қарасу шекара бекеті арқылы Қырғыз Республикасына қарай шыққан. Кері қайту кезінде одан Қырғыз Республикасының мемсанэпидқадағалау мамандары алған талдау оң нәтиже көрсеткен. Науқас инфекциялық стационарға жеткізілді.
Екінші науқас – Байзақ ауданының 1973 жылы туған тұрғыны. Ол нысаналы топтағы тұлға ретінде тексеруден өтіп, ауру расталған. Науқас өзінің ешқайда шықпағаның айтқан.
Жаңа жағдайлар бойынша байланыста болғандар анықталып, карантиндік стационарға оқшауланды. Ошақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 18 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында коронавирустық инфекцияның 205 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында – 93, Байзақ ауданында – 25, Жамбыл ауданында – 6, Қордай ауданында - 45, Меркі ауданында - 5, Шу ауданында – 2, Мойынқұм ауданында – 1.
Сондай-ақ, Дели - Тараз рейсі жолаушыларынан 6, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 22 оқиға анықталған.
Барлық індет жұқтырғандардың 135-і сауығып, дәрігерлердің қадағалауындағы үй карантиніне шығарылған.
Ұқсас жаңалықтар
Тифло жобасы – зағип жандар үшін шексіз мүмкіндік
- 11 желтоқсан, 2025
Қолға алынған барлық реформа бір ғана мақсатты көздейді
- 11 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




