UFC басшысы Тони Фергюсонға үзіліс алуға кеңес берді
UFC президенті Дана Уайт америкалық Тони Фергюсонның карьерасына үзіліс жасаған дұрыс деп санайды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Еске салайық, АҚШ-та өткен UFC 249 турниріндегі Фергюсон - Гэтжи жекпе-жегі бесінші раундта аяқталған. Жекпе-жек кезінде Гэтжи 143 соққы жасады, оның 100-і қарсыласының басына тиген. Жекпе-жектен кейін Фергюсон ауруханаға түскен - бұл оның соңғы сегіз жылдағы алғашқы жеңілісі болып, 12 жеңіске созылған сериясына нүкте қойылған еді. "Джастин Гэтжимен жекпе-жектен кейін Фергюсонның үзіліс алғанын қалаймын", - деді Уайт.
Бұған дейін Уайт Гэтжи мен жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов арасындағы жекпе-жек қыркүйекте өтетінін мәлімдеген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




